“Жасыл желек” экологиялық жобасы.
“Жасыл желек” экологиялық жобасы аясында 1-сынып оқушылары табиғатты қорғау және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында бидай тұқымын отырғызу жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шара оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды. Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін дамыту, өсімдіктердің өсу кезеңдері туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ табиғат пен адам арасындағы байланысты терең сезіндіру. Сонымен қатар, оқушыларға дәнді дақылдардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және ауыл шаруашылығына деген қызығушылығын арттыру көзделді. Іс-шара барысында оқушылар бидайды қалай дұрыс отырғызу керектігін үйреніп, топырақ дайындау, суару және күтіп-баптау жұмыстарымен танысты. Мұғалімнің жетекшілігімен олар әр кезеңді өз қолдарымен орындап, тәжірибе жинақтады. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров нет