«Түсінемін – Сезінемін – Қолдаймын» атты іс-шара өткізілді.
Мектебімізде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аясында «Түсінемін – Сезінемін – Қолдаймын» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қолдау.
Аталған іс-шара барысында мектеп психологтары, арнайы педагог мамандары мен педагог-ассистенттері ерекше балаларға білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасты. Білім алушыларға арнайы танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, оларды талқылау арқылы оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, интерактивті тапсырмалар, сурет көрмесі, дамытушы тренинг элементтері ұйымдастырылды. «Әр бала – ерекше тұлға», білім алушыларға қолдау көрсетіп шығармашылық , мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай іс-шаралар арқылы біз мейірімділік пен сыйластық құндылықтарын нығайта отырып, қолдау көрсетеміз. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров нет