Меню KDT

“Құстар – біздің досымыз” атты экологиялық акциясы.


Мектебімізде “Құстар – біздің досымыз” атты экологиялық акциясы өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ құстарға қамқорлық көрсету арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Акция барысында оқушылар құстарға арнап арнайы ұялар жасап, оларды мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға ілді. Бұл жұмыс оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін нығайтты. Іс-шара барысында құстардың табиғаттағы рөлі, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 03.04.2026 в 21:45