Жұма- Ұлттық құндылықтар күні.
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жұма- Ұлттық құндылықтар күні”. Ұлттық құндылықтар — халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығы. Ол — ата-бабадан қалған асыл мұра, ұлттың болмысын айқындайтын негізгі тірек. Ана тіліміз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, дініміз бен мәдениетіміз — бәрі де ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі. Қазақ халқы әрқашан үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсеткен. Қонақжайлық, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық пен еңбекқорлық — біздің қанымызға сіңген қасиеттер. “Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы” деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ұлттық киім – халқымыздың эстетикасы мен тарихының айнасы. Әрбір ою-өрнек, әрбір нақыш – терең мағына мен тәрбиенің белгісі. Ал ұлттық тағам – кең дастарханымыздың, қонақжайлығымыздың, бірлігіміз бен берекеміздің символы. Ұлттық құндылық — ұлттың жаны. Ал оны сақтау — әрбір азаматтың парызы. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров нет