«Әдептілік — адамгершілік айнасы» тәрбиелік іс-шара.
Мектебімізде Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен дүйсенбі — Әдеп күніне орай «Әдептілік — адамгершілік айнасы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Іс-шара барысында оқушыларға әдептілік қағидалары түсіндіріліп, үлкендерді сыйлау, қоғамдық ортада мәдениетті мінез-құлық таныту, сөйлеу әдебі мен қарым-қатынас мәдениеті туралы маңызды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен пікір алмасу арқылы оқушылардың ой-пікірлері тыңдалып, олардың әдептілік туралы көзқарастары кеңейтілді. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров нет