«Жасыл желек» жобасы.
Мектебімізде «Жасыл желек» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен бидай отырғызу жұмысы ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және еңбекке баулу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл жұмыс арқылы оқушылар өсімдіктердің өсу кезеңдерімен танысып, экологиялық тәрбие алады. Іс-шара барысында оқушыларға бидай отырғызу тәсілдері түсіндіріліп, олар тәжірибе жүзінде өз қолдарымен тұқым екті. Мұндай практикалық жұмыстар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров нет