Меню KDT

«Таза Қазақстан» акциясы.


2026 жылғы 11 сәуір күні №64 мектеп-лицейінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өткізілді. Аталған жалпыұлттық экологиялық бастама шеңберінде мектебімізде қоршаған ортаны қорғау, тазалыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру мақсатында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында мектеп аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақты абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүзеге асырылды. Іс-шараға педагогикалық ұжым мен техникалық қызметкерлер белсенді қатысты. Бұл тек аумақты ретке келтіру ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты еңбекке баулу мен табиғатты аялаудың маңызын түсіндіруге бағытталған маңызды қадам болды. 


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 11.04.2026 в 22:15