Болашаққа қадам: Ғылым мен технологияның кереметі.
«Болашаққа қадам: Ғылым мен технологияның кереметі» атты іс-шара Ғылым күніне арналған ерекше, мазмұнды және әсерлі өтті. Республикалық және қалалық ғылыми жоба жеңімпаздары өз жобаларын таныстырса, химия бойынша қызықты қауіпсіз тәжірибелер көрсетілді. Биологияда сарымсақпен тәжірибе жасап, микроскоппен жұмыс жүргізілді. Географияда жанартау атқылауы сияқты тәжірибелік жұмыстар орын алды, сондай-ақ интеллектуалды ойындар мен қызықты сұрақтар болды. Оқушылар белсенді қатысып, керемет кері байланыс берді. Жаратылыстану бірлестігі ұйымдастырған бұл шара – ғылым күніне лайықты, бірлік пен шығармашылықтың жарқын көрінісі. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 1