Меню KDT

“Ғарыш әлемі” тақырыбында сайыс.


Ғарышкерлер күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында “Ғарыш әлемі” тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – оқушылардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру және ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Сайыс барысында оқушылар өздерінің салған суреттерін көпшілікке ұсынып, әр жұмысын қысқаша таныстырып өтті. Балалар өз туындылары арқылы ғарыш кеңістігін, ғарышкерлердің еңбегін, ғаламшарлар мен жұлдыздар әлемін бейнелеп, тақырыпты жан-жақты ашуға тырысты. Сонымен қатар, оқушылар суреттеріне сәйкес дайындаған бейнероликтерін көрсетіп, өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізе білді. Сайыс барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында тақырыпқа сай қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсене қатысты. Бұл кезең балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 14.04.2026 в 22:34