Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
2026 жылдың 3 сәуір күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті өкілдері Ғабит Мүсірепов ауданы мектептерінің түлектерімен кездесу өткізді.
Аталған шара кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында университет мамандары талапкерлерге оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, студенттік өмірдің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы айтылып, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
Шараның басты мақсаты: мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына көмектесу және жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыру болды.
Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды ақпарат алаңы болды.
Комментариев нет
Просмотров нет