Меню KDT

«Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі»


Бүгін біздің мектепте 7–8 сынып оқушылары үшін полиция қызметкері — Петропавл қалалық ПБ Жедел басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Спаен А.М. — бірлесіп «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында қоғамдық орындарда жүру тәртібі, әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау, буллингтің алдын алу мәселелері қарастырылды. Күмәнді топтар мен чаттарға қатысуға және оларға кіруге жол берілмейтіндігіне ерекше назар аударылды. Оқушыларға заңнаманың негізгі нормалары түсіндіріліп, жеке қауіпсіздікті сақтау бойынша ұсыныстар берілді, күмәнді телеграм-арналардың қаупі туралы ескертілді. Оқушылар кәмелетке толмағандардың жауапкершілігіне қатысты негізгі баптармен таныстырылды.

Видео


Комментариев нет
Просмотров: 17
Автор: b147skobilim
Сайт: school7.edu.kz
Добавлено: 21.04.2026 в 14:41