Алаяқтық бұлты: интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы
Соңғы уақытта бұлтты сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті.
Алаяқтар хаттар мен хабарламалар жіберіп, онда бұлтты сақтау орны (мысалы, iCloud) толып кеткені, резервтік көшіру тоқтатылғаны және фото мен бейнелердің жойылу қаупі бар екені туралы хабарлайды. Үрей туғызу үшін пайдаланушыға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту немесе төлем деректерін жаңарту ұсынылады.
Мұндай сілтеме арқылы өткен кезде адам сыртқы түрі ресми сервиске ұқсас жалған сайтқа тап болады. Сол жерде енгізілген логиндер, құпиясөздер және банк деректері алаяқтардың қолына түседі.
Осындай схемалар әртүрлі сервистердің атынан да жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде Google Drive, «Облако Mail.ru», Яндекс Диск және басқалары бар.
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
-күмәнді хаттардан, SMS және мессенджерлердегі хабарламалардан келген сілтемелерге өтпеңіз;
-бұлтты сақтау орнын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеріңіз;
-бөгде беттерде логиндер, құпиясөздер және банк деректерін енгізбеңіз;
-әртүрлі сервистер үшін күрделі әрі бірегей құпиясөздерді қолданыңыз;
-екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
-бұзылу күдігі туындаса, дереу құпиясөзді өзгертіп, барлық белсенді сессияларды жабыңыз.
Маңызды:
Аккаунт бұғатталуы немесе деректердің жойылуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеру қажет.
Осы қарапайым ережелерді сақтау сіздің жеке деректеріңізді қорғауға және қаржылық шығындардың алдын алуға көмектеседі.
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар

Комментариев нет
Просмотров: 1