«Тылдағы ерлік – Жеңіске жол» атты конференция, көрме өтті.
Атырау облысы мемлекеттік архиві 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай «Тылдағы ерлік – Жеңіске жол» атты конференция, көрме ұйымдастырды. Конференцияға қатысушылар Атырау облысы мемлекеттік архивінің қор құжаттарынан «Тылдағы ерлік – Жеңіске жол» тақырыбында көрмеге соғысқа аттанған ерлердің орнын алмастырған әйелдер қауымының өндірістерде, темір жол салу жұмыстарында белсенді қатысқандығы, тыл еңбеккерлерінің жұмыс барысындағы суреттер мен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға кеткен ер –азаматтардың жүгін арқалап, мұнай өндіру сияқты ауыр жұмысқа тайсалмай кіріскен ержүрек қазақ әйелі Б.Доспаева мен халыққа және майдандағы жауынгерлерге жетерліктей балық өнімдерін арттыруға үлес қосқан Соцалистік еңбек ері А.Байжігітованың жеке тектік құжаттары қойылды. Көрмені құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің архивисі А.Нығметова таныстырды. Конференцияны Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Самал Бағытжанқызы Құмарғалиева алғы сөзімен ашып, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі. Конференцияға өңіріміздің тарихшы ғалымдары мен өлкетанушы, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы, облыстық, қалалық архив қызметкерлері, студенттер қатысты. Конференцияда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ш.Нағимов «Ауыл еңбеккерлері соғыс жылдарында», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы А.Ахмет «Бақсай совхозы қаһарлы жылдарда, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Л.Бердіғожин «Мақат ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында», Өлкетанушы С.Әуелбаев «Махамбет ауданының соғыс жылдарында жеңіске қосқан үлесі», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің магистранты М. Бекмағамбетова «Атырау балықшылары соғыс жылдарында», Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Т.Калимова «Майдан мен тылдың бірлігі: Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі» туралы тақырыбында баяндамалар жасалды.Конференция барысында пікір алмасып қорытындыланды.

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
