«Эко Саммит» атты іс-шара.
2026 жылдың 23 сәуірінде Астана қаласында орналасқан EXPO қалашығы аумағында «Эко Саммит» атты іс-шара өтті. Аталған шараға 11-сынып оқушылары қатыстырылып, оларды экологиялық бағыттағы заманауи көрмелермен таныстыру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологияларды дамыту және тұрақты даму қағидаттары жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, арнайы экскурсиялық бағдарлама жүргізіліп, қатысушылар көрме павильондарын аралап, түрлі инновациялық жобалармен танысты. Экскурсия барысында оқушыларға әрбір экспозиция бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық білімдерін кеңейту болып табылады.
Комментариев нет
Просмотров: 1