Ұлт ұстазына тағзым – ұрпаққа өнеге
2026 жылдың 20 сәуір күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында «Ұлттық педагогиканың қалыптасу тарихы және заманауи білім берудің басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Мақсаты: ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеу, оны заманауи білім беру үдерісімен сабақтастырып, тиімді қолдану жолдарын айқындау және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Конференцияны Астана қаласының Білім басқармасы, «Әдістемелік орталығы», Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы және Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейі бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шара екі күнге жалғасты: 18 сәуірде конференция Қостанай қаласында «Ұлы ұстаз туған жеріне саяхат» танымдық-туристік маршрутымен басталып, 20 сәуірде Астана қаласында ғылыми-тәжірибелік конференциямен қорытындыланды.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындары мен мектеп педагогтері қатысты.
Шара ағартушы, қазақ даласында білімнің шамшырағын жаққан ұлы тұлға Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналды. Қатысушылар ұлт ұстазы рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
«Кел, балалар, оқылық!» флешмобы мен көрмелер көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Пленарлық отырыс ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы және Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының директоры Жарменова Гүлмира Сергазиевнаның құттықтау сөздерімен ашылды.
Бағдарлама барысында өткен пленарлық отырыстар мен секциялық жұмыстарда ұлттық мұраны заманауи біліммен ұштастыру, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және ұлттық білім беру жүйесінің өзекті бағыттары талқыланды.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 200-ге жуық педагог қатысып, тәжірибе алмасып, ұлт ұстазының мұрасын ұлықтауға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, серіктестік меморандумдарына қол қойылды..jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)


.jpeg)