⚜️ 2026 жылғы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында «Жер амбассадорлары» және «Жасыл клубтар» жобалары шеңберінде іске асырылатын «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күндері» Республикалық экологиялық акциясы өтті.
Акцияға Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығының ұжымы қатысып, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті дамыту бастамасын қолдады.
Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және балалар мен жастарды туған өлкені көгалдандыру бойынша практикалық іс-әрекетке тарту.
Іс-шараға білім алушылар, педагогтер, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері және жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысады.
Комментариев нет
Просмотров: 11