📌 2026 жылғы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында «PRO инклюзия: тәжірибе және бастамалар» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Іс-шараны аудандық білім бөлімі мен Әдістемелік орталық бірлесіп ұйымдастырды.

2026 жылғы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында «PRO инклюзия: тәжірибе және бастамалар» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Іс-шараны аудандық білім бөлімі мен Әдістемелік орталық бірлесіп ұйымдастырды.
Мерекелік жиын ерекше «әуежай» форматында ұйымдастырылып, әрбір тақырыптық станция әр балаға қолжетімді әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру кезеңдерін бейнеледі.

Практикалық бөлімде қатысушылар түрлі кейстерді талдап, мектептерде инклюзивті тәжірибелерді енгізудің тиімді жолдарымен танысты.

Екінші бөлімде халықаралық қатысумен (телекөпір форматында) ашық диалог түріндегі пленарлық сессия өтті:
— Сатиш Капур (Үндістан), Global Inclusive Education Network (GIEN) президенті
— Sandeep Kaur (Ұлыбритания), Miss Lily Rice — The Thinking Schools Federation ұйымының инклюзивті білім беру көшбасшылары

Солтүстік Қазақстан облысынан пленарлық бөлімде мектепке дейінгі, орта және техникалық-кәсіптік білім беру деңгейлерінен педагогтер сөз сөйлеп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс жасаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға 60-тан астам педагог пен мектеп басшылары қатысты.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, ашық пікір алмасуға және инклюзивті білім беруді дамыту бағытында бірлескен шешімдер қабылдауға арналған маңызды кәсіби алаңға айналды.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 30.04.2026 в 13:39