ҚАЭС еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары корпоративтік мәдениетті қалыптастыруда
2026 жылғы 28–30 сәуір аралығында Астанада KIOSH — еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәжірибе алмасуға және заманауи тәсілдерді дамытуға арналған жетекші кәсіби алаң өтті.
Іскерлік бағдарлама аясында компания мамандары халықаралық озық тәжірибелермен, соның ішінде өндірістік тәуекелдердің жүйелі алдын алуға бағытталған Vision Zero («Нөлдік жарақаттану») тұжырымдамасымен танысты.
ҚАЭС үшін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері атом саласындағы техникалық күрделі әрі жауапты жобаларды іске асыру тұрғысынан ерекше маңызға ие.
Алынған білім мен тәжірибе қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және сенімді әрі қауіпсіз талаптарға сай тұрақты өндірістік ортаны қалыптастыруға бағытталған алдағы жұмыста қолданылатын болады.