Атырау облысы мемлекеттік архивінде Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіске үлес қосқан жауынгерлер » атты ұйымдастырылған көрме.
2026 жылдың 8 мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Жеңіске үлес қосқан жауынгерлер» атты архив деректерінен архившілік көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Гуманитарлық ғылымдар және өнер» факультетінің 4 курс студенттері қатысты. Көрме барысында бөлім басшысы Г.Қалиева Ұлы Жеңістің ел тарихындағы маңызына тоқталып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің көрсеткен қайсарлығы мен жанқияр ерліктері бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнегеөтті. Сондай- ақ архив қорында сақталған тарихи құжаттардың жас ұрпақ санасына патриоттық рух қалыптастырудағы орны ерекше екенін жеткізді. Көрмені архивист Б.Аймуханова архив қорларында сақталған майдангерлерге қатысты құжаттар, фотосуреттер марапаттары мен тарихи деректерді таныстырып өтті. Ұлы Жеңістің жанқиярлықпен келгенін, Ұлы Отан соғысы ардагерлер мен туған еліне оралмаган боздақтардың өз Отанын қорғауда көрсеткен ержүрек батылдықтарын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында архив деректерінен ұйымдастырлған архившілік көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Архившілік көрме соңында бөлім басшысы қорытынды сөз сөйлеп, студенттерге оқуда жетістік, болашақта ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.