Меню KDT

Хорватияда өткен турнирде - үздік бестікте!

"Оңтүстік” футбол академиясының 2015 жылы туған ойыншыларынан құралған командасы Хорватия елінде өткен беделді халықаралық Dalmatinco Cup турнирінен елге оралды.
Дүниежүзінің әр түкпірінен келген 24 команданың арасында біздің жас спортшылар жоғары деңгейде ойын көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша 5-орынға ие болды. Бұл — балалардың еңбегі мен жаттықтырушылардың тынымсыз жұмысының нәтижесі.
Халықаралық деңгейдегі додада тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасағаны үшін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мырзаға алғысымызды білдіреміз. Осындай қолдау жас өрендердің болашағына үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Біздің мақсат — тек мықты футболшы тәрбиелеу емес, ел намысын қорғайтын, тәртіпті әрі жігерлі жастарды қалыптастыру. Алда бұдан да биік белестер бар деп сенеміз",-
“Оңтүстік” футбол академиясының басшысы
Бақдәулет Қожабаев

Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: ontustikclub
Сайт: ontustik.agartu.cms.kdt.kz
Добавлено: 14.05.2026 в 00:16