Меню KDT

Отбасы — болашаққа күш беретін тамыр.


Отбасы — болашаққа күш беретін тамыр.

15 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы уақыт аллеясы» акциясы өтті.
Қатысушылар ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық құндылықтарға құрмет пен туған жерге қамқорлықты бейнелейтін атаулы ағаштар отырғызды.

Акцияның мақсаты — ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет пен табиғатқа жанашырлықты тәрбиелеу.

Іс-шараға білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар қатысып, өңірді көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Әр отырғызылған ағаш — туған өлкенің болашағына қосылған үлес, бірлік пен жарқын естеліктің белгісі.


Комментариев нет
Просмотров: 13
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 15.05.2026 в 15:30