«Балақайлар мектебі» шақырады!
Біздің гимназиямызда «Балақайлар мектебіне» қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.
Сіз оған өмірдің ең үздік бастамасын жасағыңыз келсе, бізге қош келдіңіз!
Сіз үшін біз не ұсынамыз?
«Балақай мектебі» бағдарламасының жұмысы туралы мәлімет:
Бағдарламаны іске асыру ұзақтығы жазғы кезеңде 1 айды (20 күн) құрайды.
Мерзімі:
I ауысым: 01.06 – 26.06.2026 жыл (күндерді қоса алғанда)
II ауысым: 03.08 – 28.08.2026 жыл(күндерді қоса алғанда)
Топтың құрамы 25 балаға дейін.
Жұмыс тәртібі:
Аптасына 5 күн
Күніне 4 сабақ
Сабақ уақыты 20 минут
Қоңырау үзілісі 5–10 минут
Жұмыстың негізгі бағыттары:
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
📍 Мекенжай:
Б.Соқпақбаев 18/4
📝 Өтініш қабылдау:
100 А кабинет
🚫 Балалар мектепте ұйықтамайды.
🎁 Сабақ тегін.