«Түлектер аллеясы» — бұл тек экологиялық бастама ғана емес, сонымен қатар түлектерді, педагогтер мен ата-аналарды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіретін ізгі дәстүр.
«Түлектер аллеясы» — бұл тек экологиялық бастама ғана емес, сонымен қатар түлектерді, педагогтер мен ата-аналарды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіретін ізгі дәстүр. Бұл — туған мектепке деген құрметтің, табиғатқа сүйіспеншіліктің және болашақ алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
2026 жылғы 20 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысында «Түлектер аллеясы» облыстық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — түлектердің туған өлкеге және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ білім беру ұйымдарының аумақтарын көгалдандыру арқылы мектептегі жарқын естеліктерді сақтау.
Акция аясында мектеп түлектері білім беру ұйымдарының аумақтарына ағаштар, бұталар мен гүлдер отырғызып, символикалық «Түлектер аллеясын» қалыптастырды. Әрбір отырғызылған көшет пен гүлзар туған мектепке деген алғыстың белгісіне, ұрпақтар сабақтастығының символына және 2026 жылғы түлектердің жарқын естелігіне айналды.