15 жыл – бір мақсат, бір өнер, бір жүрек.
«Сарыарқа» үлгілі би ансамблінің 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды есеп беру концерті — «15 жыл – бір мақсат, бір өнер, бір жүрек» ✨ Мектебімізде «Сарыарқа» үлгілі би ансамблінің 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Би өнерін серік еткен талантты оқушылар жыл бойы атқарған еңбектерінің нәтижесін көрермен назарына ұсынып, ұлттық және заманауи билер арқылы өз шеберліктерін паш етті. «15 жыл – бір мақсат, бір өнер, бір жүрек» атты мерекелік іс-шара ансамбльдің өнер жолындағы жетістіктерін айқындап, шығармашылық ұжымның бірлігі мен еңбегін көрсеткен тағылымды кешке айналды. Концерт барысында көрермендерге әсерлі қойылымдар ұсынылып, өнерпаздардың сахна мәдениеті мен кәсіби дайындығы ерекше бағаланды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және би өнері арқылы мәдени құндылықтарды насихаттау.
Кеш соңында ансамбль жетекшілеріне, өнерлі оқушыларға және қолдау білдірген ата-аналарға алғыс білдірілді.
🌟 Өнер – рухани байлықтың бастауы.
🌟 Би – жүректің тілі. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров нет