«Ойлы түлек» челленджі аясында «Түлек сабағы».
«Ойлы түлек» челленджі аясында «Түлек сабағы» ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында 11-сынып оқушылары 9-сынып білім алушыларына емтиханға дайындық бағытында пәндік сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ барысында оқушыларға емтихан тапсырмаларын орындау жолдары, тиімді дайындық тәсілдері, уақытты дұрыс жоспарлау және психологиялық дайындық бойынша кеңестер берілді. Іс-шараның мақсаты – 9-сынып оқушыларына қорытынды емтиханға сапалы дайындалуға қолдау көрсету, білім деңгейін арттыруға ықпал ету, жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қабілеттерін дамыту және оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. «Түлек сабағы» тәжірибе алмасуға негізделген мазмұнды әрі пайдалы кездесу болды. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 1