Есеп беру концерті — «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ»
✨ 2025–2026 оқу жылындағы есеп беру концерті — «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ» ✨
Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша домбыра, ән және күй үйірмелерінің қатысуымен «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ» атты есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Концерт барысында өнерлі оқушылар ұлттық музыка өнерін насихаттап, домбырамен күмбірлеген күйлер орындап, әсем әндер шырқап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Жыл бойы үйірме жетекшілерінен тәлім алған білім алушылар өздерінің шығармашылық жетістіктерін көрсетіп, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберліктерін паш етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының музыкалық мұрасын дәріптеу, эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнер арқылы жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Концерт барысында халық күйлері мен патриоттық әндер орындалып, ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасы кеңінен насихатталды. Көрермендер жас өнерпаздардың өнеріне зор ықылас білдіріп, ыстық лебіздерін жеткізді.
Кеш соңында өнерлі оқушылар мен жетекшілерге алғыс айтылып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіленді. ВИДЕО КӨРУ