Меню KDT

«Тәртіпті бала – үлгілі бала» челлендж.


«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылар арасында «Тәртіпті бала – үлгілі бала» тақырыбында челлендж өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар тәртіп, адамгершілік, жауапкершілік және өнегелі мінез-құлық тақырыптарын насихаттай отырып, сурет салу жұмыстарына белсенді қатысты. Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың бойында тәртіптілік пен мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара арқылы білім алушылардың адалдыққа, сыйластыққа және үлгілі болуға деген көзқарастары нығайтылды. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 20.05.2026 в 19:33