Меню KDT

Атырау қаласы білім бөлімі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер


   Атырау қаласы білім бөлімі және бөлімге қарасты білім беру ұйымдары арқылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         Оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік корпорация арқылы, электронды веб-портал арқылы , кеңсе арқылы жүргізіледі.

Атырау қаласы өңірінде 2026 жылдың 18 маусым мен 31 тамыз аралығында 1- сыныпқа құжат қабылдау электронды   веб-порталы арқылы және кеңсе арқылы жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізбесі:

  • Өтініш;
  •   ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 065/е нысанындағы "Иммундау паспорты";
  • № 052-2/е нысанындағы "Бала денсаулығының паспорт";
  • Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi 2 дана ;

      1)«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру",

2)"Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру",

3) "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу",

4)"Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері",

5)"Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері",

6)"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау",

7)"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері",

8) «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру",

9)"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну",

10)"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну",

11) «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру",

12) "Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру",

13)"Қаржылық және материалдық білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көмек көрсету мемлекеттік ұйымдардың білім беру",

14),"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау",

15)"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау",

16)"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау",

17) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау",

18) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»,

19)"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою",

20) "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау",

21) "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру",

22) "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою",                        

23) "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау",

24) "Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау".

25)  "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру"

          Атырау қаласы білім бөлімі және бөлімге қарасты білім беру ұйымдары арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  95% пайызы  автоматтандырылған. «Қазақстан Ресбуликасы Оқу - ағарту министрлігі мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру базасы  және Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы  арқылы жүзеге  асырылады.

            Аталған  мемлекеттік  қызмет көрсетулер Қазақстан Ресбуликасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің    2020 жылы   27 мамырдағы №223 бұйрығы,                  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы     12 қазандағы                 № 564 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы                29 мамырдағы   № 225 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің                 2023 жылғы   16 маусымдағы   № 171 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  22 мамырдағы № 219 бұйрығы, Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  4 мамырдағы    № 172 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Қалалық білім бөлімінің  байланыс

нөмірлері:35-48-47;

 

 

                                                                                                    Қалалық білім бөлімі

                                                                                                    2026 жыл


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: otdelobrazatyrau
Сайт: otdelobrazatyrau.kdt.kz
Добавлено: 20.05.2026 в 00:29