Меню KDT

«Тарихтың зобалаң жылдары» атты архивішілік көрме өтті


2026 жылдың 26 мамыр күні Атырау облысы мемлекеттік архивінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ф. Досымова атындағы №12 жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Қанафия Өміржанқызының қатысуымен «Тарихтың зобалаң жылдары» атты архивішілік көрме өтті.
Көрмеде оқушылар қуғын-сүргін құрбандарына қатысты архив құжаттарымен, жеке істермен және тарихи деректермен танысты. Сонымен қатар, «Қуғынға ұшыраған тұлғалар» роллаптары мен тектік құжаттар көрмесі ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа тарих тағылымын насихаттап, қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым ету және тарихи жадыны сақтау.
Атырау облысы мемлекеттік архиві атынан «Ел мұрасы елге оралды» кітабы сыйға берілді.


Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: arhivatyrau.kdt.kz
Добавлено: 28.05.2026 в 11:53