«Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсының облыстық кезеңі өтті.
«Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурс тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату, педагогтер мен білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және тұлғалық дамуын ынталандыру, сондай-ақ орта білім беру жүйесінің заманауи даму үрдістерін айқындау мақсатында өткізіледі.
Оқу-тәрбие қызметінің нәтижелері, педагогтер мен білім алушылардың жетістіктері, инновациялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі және басқару қызметінің тиімділігі көрсетілген 12 білім беру ұйымының портфолиосы қаралды.
Конкурстық комиссия мүшелері ұсынылған материалдарға жан-жақты талдау жүргізіп, білім беру үдерісінің сапасы мен педагогикалық ұжымдардың жұмыс нәтижелілігін бағалады.
Байқау қорытындылары педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясында жарияланады.