Меню KDT

«ЖАСЫЛ ӘЛЕМ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ.


«ЖАСЫЛ ӘЛЕМ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ 🌿
Мектебімізде «Жасыл әлем» экологиялық акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар мектеп ауласына түрлі гүл көшеттерін отырғызып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Акцияның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, табиғатты қорғау мәдениетін дәріптеу, еңбекқорлыққа және туған жерді көркейтуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар гүл отырғызудың маңызын түсініп, табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы екенін ұғынды. Осындай экологиялық бағыттағы жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа жанашыр көзқарасы қалыптасып, мектеп ауласын көркейтуге деген қызығушылықтары арта түсті. Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық. Сондықтан да мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. 🌸🌱 ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 21.05.2026 в 13:23