Жұлдыздар жарқырайды
Мектебімізде «Жұлдыздар жарқырайды» атты салтанатты жұлдыздар шеруі өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп намысын қорғап,түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтеже көрсеткен оқушылар марапатталды. Бұл марапат – тек жеңіс емес, бұл сенімнің, төзімнің, маңдай тер мен үлкен махаббаттың жемісі.
Кеш барысында үздік жетістік иегерлерін құттықтап,олардың еңбегі мен талпынысы ерекше аталып өтілді. «Жұлдыздар шеруі»-талант пен еңбектің, білім мен жетістіктің жарқын мерекесіне айналды.
Сонымен қатар,білім мен тәрбие жолында белсенділік танытқан мұғалімдерге алғыс хаттар мен «Үздік ұстаз» кубогімен марапатталды.
Оқушының арманына қанат бітірген жетекшіге, әр қадамына демеу болған ата-анаға және талмай ізденген шәкіртке мың алғыс!
Жұлдыздарыңыз әрдайым биіктен жарқырай берсін!
https://www.instagram.com/reel/DYqyDnQog8m/?igsh=eTRucWh5cWMxOWxx