11-сынып оқушыларына арналған «Білімім — Отаныма!» атты қорытынды салтанатты іс-шара
Мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Білімім — Отаныма!» атты қорытынды салтанатты іс-шара өтті.
Бұл күн — мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектер үшін ерекше әрі ұмытылмас сәттердің бірі болды. Мектеп қабырғасында өткен әрбір күн, әрбір сабақ, әрбір естелік олардың жүректерінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Алда үлкен армандар, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр.
Құрметті түлектер!
Білімдеріңіз ел игілігіне қызмет етіп, биік белестерден көріне беріңіздер! Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!
Сәт сапар, жас түлек!
https://www.instagram.com/reel/DY4oP2joPKY/?igsh=MW94MjR2Z2g2MzZnNQ%3D%3D
Комментариев нет
Просмотров: 5