4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың ұлттық құндылықтарын, тарихын, мәдениетін және тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті белгілер. Көк Туымыз – бейбітшілік пен бірліктің, Елтаңбамыз – мемлекеттіліктің, ал Әнұранымыз – елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символы.
Бұл мереке жас ұрпақтың бойында Отанға деген құрметті, елжандылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының парызы.
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!