2026 жылдың 16 сәуірінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен және Абай облысы Білім басқармасының қолдауымен М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының «Білім беру» бағыты бойынша педагогтер арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өз жұмысын бастады.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірхан Раханов құттықтау сөз сөйлеп, конкурс - педагог кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыруға және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң екендігін атап өтті.
Кәсіби байқау еліміздің барлық өңірлерінен келген педагогтардың «Жалпы білім беру пәндері» және «Арнайы пәндер» бағытында кәсіби шеберлік деңгейін кешенді түрде айқындауға бағытталған.
Атап айтқанда, 33 қатысушы өзара бәсекеге түсіп, өз кәсіби даярлығы мен тәжірибесін көрсетеді. Екі күнге жоспарланған байқау аясында қатысушылар «Мен және қоғам» тақырыбындағы бейнеролик әзірлеу, әдістемелік жоба дайындау, сондай-ақ «Мультимедиялық технологиялар» жобалық модулі бойынша тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің кәсіби құзыреттіліктері мен шығармашылық әлеуетін жан-жақты көрсетеді.
Аталған тапсырмалар педагогтердің заманауи білім беру талаптарына сай әдістемелік, цифрлық және коммуникативтік дағдыларының деңгейін кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қатысушылардың кәсіби шеберлігін әділ әрі жан-жақты саралайтын сарапшылар алқасының еңбегі айрықша маңызға ие. Олардың жоғары біліктілігі мен объективті бағалауы конкурс нәтижелерінің нақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтардың беделін арттыру, қоғамдағы маңызды орнын дәріптеу, сондай-ақ қатысушылардың озық педагогикалық тәжірибесін жүйелеу, насихаттау және кеңінен тарату арқылы білім беру сапасын жетілдіруге ықпал ету.