«Талантты ардагер – талапты жас ұстаз»: ұрпақтар сабақтастығын ұлықтаған тағылымды фестиваль өтті.
«Талантты ардагер – талапты жас ұстаз»: ұрпақтар сабақтастығын ұлықтаған тағылымды фестиваль өтті.
«Талантты ардагер – талапты жас ұстаз»: ұрпақтар сабақтастығын ұлықтаған тағылымды фестиваль өтті.
Абай облысының білім басқармасы, облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Абай облысының кәсіподақ ұйымы қолдауымен, білім саласы қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Талантты ардагер – талапты жас ұстаз» фестивалі өтті.
Бұл тағылымды шара – тәжірибелі ардагер ұстаздар мен білім саласына жаңадан қадам басқан жас мамандардың басын қосқан, рухани сабақтастықты дәріптеген маңызды мәдени-әлеуметтік оқиға болды.
Салтанатты кеште Абай елі – қазақ музыкасының алтын бесігі екендігін дәлелдеп, өңір сазгерлерінің шығармаларын насихаттады.
Шараға елімізге танымал өнер және қоғам қайраткері Кентау Назарбек, әнші, сазгер мәдениет саласының үздігі Тұрсынғазы Рахимовтың ұрпағы Шалқар Тұрсынғазыұлы, белгілі әнші-композитор Болат Сыбановтың жары Үміт Сыбанова және өңір басшылары мен зиялы қауым өкілдері болып, байқаудың мәртебесін арттырды.
Алғашқы бөлімде композитор Кентау Назарбектің патриоттық әндері орындалып, әр ауданнан келген ардагерлер мен жас ұстаздар дуэт, трио және вокалдық топтар құрамында өнер көрсетті.
Фестивальдің екінші кезеңі Абай өңірінен шыққан композиторлардың шығармаларына арналды. Бұл бөлімде қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілдері – Тұрсынғазы Рахимов пен Болат Сыбанов және басқа да жергілікті сазгерлердің туындылары орындалды.
Фестиваль барысында қатысушылардың шығармашылық деңгейі, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі әділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Фестиваль соңында Ибраев Сабит Молдатьянович сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ол ұстаздар қауымының қоғамдағы ерекше орнына назар аударып, ардагерлер мен жас мамандар арасындағы сабақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті.
Шара соңында құрметті қонақтар сөз сөйлеп, мұндай фестивальдердің жас ұрпаққа берері мол екенін атап өтті. Олар ұстаздардың тек білім беріп қана қоймай, ұлттық мәдениетті насихаттауда да маңызды рөл атқаратынын ерекше айтты.
#АбайОблысыБілімБасқармасы
#Адал_азамат_Абай_облысы