✨Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Абай облысы білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, халықаралық спикерлердің қатысуымен «STEAM білім беру: инновация мен шығармашылықтың үйлесімі» тақырыбында республикалық онлайн-конференция өтті.

📝Конференцияны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілі Орденбек Мазбаев ашып, білім беру саласындағы жаңашыл бағыттардың, әсіресе STEAM тәсілдерінің қазіргі білім жүйесіндегі стратегиялық маңызын атап өтті. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби дамуы және цифрлық трансформация жағдайында жаңа құзыреттерді меңгерудің өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
📎Пленарлық бөлімде Қазақстан Республикасы, Татарстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Красноярск өлкесінен қосылған спикерлер STEAM білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, инклюзивті білім беру, геймификация және заманауи оқыту тәсілдері бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
◾Секциялық бөлімдер практикалық бағыттағы кейстерге, авторлық әдістемелерге және интерактивті жобаларға негізделген мазмұнымен ерекшеленді. Конференция аясында қатысушылар білім беру үдерісіне инновациялық құралдарды тиімді енгізу, білім алушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ пәнаралық байланысты нығайту бағытында құнды мәліметтер алды.
✔️Ауқымды кәсіби алаңға айналған бұл онлайн-конференция педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар қалыптастыруға және кәсіби дамуға серпін берген маңызды іс-шара ретінде бағаланды.