Меню KDT

✨2026 жылғы 16,17 сәуір күндері «Абай облысы» ББ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасынды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің «Білім беру» саласы бойынша педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

✨2026 жылғы 16,17 сәуір күндері «Абай облысы» ББ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасынды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің «Білім беру» саласы бойынша педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.


✨2026 жылғы 16,17 сәуір күндері «Абай облысы» ББ «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ -нің ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасынды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің «Білім беру» саласы бойынша педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
🎯Конкурстың мақсаты: Дарынды педагогтарды анықтау және қолдау, озық әдістемелік тәжірибені тарату, сондай-ақ Қазақстан колледждерінің білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу.
Бұл тек жарыс емес, бұл — еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздардың ең озық әдістемелік идеялары тоғысатын бірегей коммуникациялық платформа.

📎Қатысушылар: Конкурстың финалдық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Конкурсқа еліміздің 14 облысынан 2 бағыт бойынша (жалпы білім беретін және арнайы пән оқытушылары) бақ сынасты. Конкурсқа 34 қатысушы және 34 сарапшы компатриоттан өтінім түсті. Олар — арнайы және жалпы білім беру пәндерінің үздік оқытушылары, елдің қазіргі педагогикалық элитасын ұсынатын мамандар.

📝Сайысқа қатысушылар жалпы ереже
Екі күн бойы Алаштың рухани астанасы – киелі Семей өңірінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өз мәресіне жетті.
Бұл байқау – педагогтердің кәсіби әлеуетін танытатын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін, шығармашылық ізденісті шыңдайтын маңызды алаң екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Бүгінгі таңда білім беру саласында бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті педагог қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Осы ретте, сіздердің әрқайсыларыңыз өз ісіне адалдық танытып, шәкірт тәрбиелеу жолында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүрген білікті мамандар екендеріңізді көрсеттіңіздер.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұстаз – ұлы есім» деген сөзі ұстаздың қоғамдағы биік орнын және адам тәрбиесіндегі айрықша миссиясын айқын көрсетеді.
Бұл конкурс – тек жеңімпаздарды анықтау емес, ең бастысы – тәжірибе бөлісу, жаңа идеялармен толығу және кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігі. Сондықтан бүгінгі жетістіктеріңіз алдағы уақытта жаңа бастамаларға жол ашады деп сенеміз.

«Жалпы білім беретін пәндер» бағыты бойынша қорытынды:
«Үздік маман» номинациясы иегерлері:
Тютебаева Жанар Усенбаевна – Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі оқытушысы;
Байжанов Қайрат Маратович – Түркістан облысы, Мақтаарал аграрлық колледжі оқытушысы;
Жалгасбаева Жанар Умирзаковна – Атырау облысы, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі оқытушысы;
Сапаргалиева Гулмира Советхановна – Шығыс Қазақстан облысы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі оқытушысы;
Жүлделі 3 орын иегері – Тургалиева Сымбат Аянқызы – Абай облысы, Шәкәрім жоғары колледжі оқытушысы;
Жүлделі 2 орын иегері - Мектепова Жұлдызай Жоламанқызы – Маңғыстау облысы, Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі оқытушысы;
Жүлделі 1 орын иегері – Қамалиден Айгерім Сағындыққызы – Ақмола облысы, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқытушысы;
«Педагогикалық мамандықтары бойынша арнайы пәндер бағыты» бағыты бойынша қорытынды:
«Үздік маман» номинациясы иегерлері:
Балгазиева Ляззат Таңатаровна – Ақтөбе облысы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы;
Асқанбаева Жанат Ергалиевна – Маңғыстау обылысы, «Мұрын жырау Сергірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі оқытушысы;
Кусманова Назерке Ерболовна – Шығыс Қазақстан облысы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі оқытушысы;
Жүлделі 3 орын иегерлері
– Сентаева Асия Боранбаевна – Абай облысы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқытушысы;
- Хасенова Айнур Айтбековна – Астана қаласы, Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжі оқытушысы;
Жүлделі 2 орын иегері
- Сахиева Молдир Ерназаровна - Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі оқытушысы;
Жүлделі 1 орын иегері
– Қайыржан Тлек Сағындыққызы - Ақмола облысы, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқытушысы;
Конкурстың әділдігін ту етіп, әрбір қатысушының кәсіби шеберлігіне шынайы баға берген, елдің әр өңірінен келген сарапшы-мамандарға (барлық 33 сарапшы-компатриотқа) Білім басқармасы атынанСертификаттар тапсырылды.


Комментариев нет
Просмотров: 49
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 19.04.2026 в 15:03