Премьера: «Көңілді Роджер» ертегісі сахналанады
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы балалардың жазғы демалыс кезеңінде кішкентай көрермендер үшін ерекше тарту жасамақшы.
23-24 маусым күндері театр сахнасында балаларға арналған «Көңілді Роджер» ертегісінің тұсауы кесіледі.
Данияр Салимзяновтың «Көңілді Роджер» ертегісі - достық, еркіндік пен батылдықты дәріптейтін қызықты шытырман оқиға. Қойылымда Теңіз Төбеттері мен Теңіз Мысықтары қазынаға ие болуға таласып, түрлі сынақтардан өтеді. Қауіпті оқиғалар мен көңілді сәттерге толы ертегі барысында олар бір-біріне сенуді, қорқынышты жеңуді және шынайы достықтың қадірін түсінеді. Жарқын образдар, әсерлі музыка мен қызықты оқиғалар көрерменді қиялға толы әлемге жетелейді
Ертегінің режиссері – Әділет Ақанов.
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры