Меню KDT

36-шы маусымның жабылуына орай «Балам, қашан келесің?..» драмасы сахналанады

26 маусым күніЖ.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры 36-шы маусымды қорытындылайды. Театр маусымының жабылуында көрерменге биыл ерекше әсер сыйлаған премьера - «Балам, қашан келесің?..» қойылымын сахналауды ұйғардық.


Өнер ұжымы үшін театрдың 36-шы маусымы табысты өрілді деуге болады. Биылғы ақпан айының соңында көрермен назарына ұсынылған
С. Сыбанбайдың «Балам, қашан келесің?..» туындысы (реж. Жұлдызбек Жұманбай) көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Аяқталғалы отырған маусымда театр өз көрермендерін көптеген тың дүниелермен қуантып, жергілікті көрерменді түрлі жанрдағы қойылымдарға қарық қылды. Биыл 6-7 сәуір күндері театр ұжымы Талдықорған қаласына барып, «Аладдин» ертегісін, «Алғашқы махаббат» комедиясын, «Джудит жасаған қиын таңдау» балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоуын, 8-10 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында болып, «Ұждан» әфсанасы мен «Балам, қашан келесің?..» драмасын, сондай-ақ «Аладдин» ертегісі мен  «Джудит жасаған қиын таңдау» спектакль-шоуын ұсынды. Кезекті  сапар театрдың жоғары кәсіби деңгейінің тағы бір дәлелі болғаны анық.

Жүсіпбек Аймауытов театры жаңашылдыққа құштар, тарихына адал және көрерменімен рухани үндес ұжым ретінде алдағы өнер айдынында еркін жүзе береді.

Келесі маусымда кездескенше, сүйікті көрермен!

36-шы театр маусымының жабылуына арналған «Балам, қашан келесің?..»драмасы 26 маусым күні сағат 18:30-да сахналанады.

 

Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры

 


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: aimauytovteatry
Сайт: kmdt.kz
Добавлено: 08.06.2026 в 17:28