«Біз салауатты болашақ үшін»
Мектебімізде оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біз салауатты болашақ үшін» атты плакаттар байқауы өткізілді.
Байқауға қатысушылар шығармашылық қабілеттерін, қиялдары мен өзіндік көзқарастарын танытып, өз жұмыстарында дұрыс тамақтанудың, спортпен шұғылданудың, белсенді өмір салтын ұстанудың және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын көрсетті.
Әрбір плакат – денсаулықты сақтауға, болашаққа жауапкершілікпен қарауға үндейтін жарқын үндеу болды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері, шығармашылық ізденістері және денсаулық тақырыбына бейжай қарамағандары үшін алғыс білдіреміз!
Комментариев нет
Просмотров: 12