КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «ЖАЗҒЫ ДАМУ КЕҢІСТІГІ»
Маусымдық әрекет ететін балалардың білім беру-сауықтыру орталығының
Кәмелетке толмағандарға арналған «Жазғы даму кеңістігі» білім беру-сауықтыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) маусымдық әрекет ететін балалардың білім беру және сауықтыру орталығының (бұдан әрі – ББСО) жағдайында балалардың демалысын, сауықтырылуын, тәрбиесін, білім беру және дамытушылық қызметін кешенді ұйымдастыру мақсатында әзірленді.
Бағдарлама кәмелетке толмағандардың физикалық және психоэмоционалдық денсаулығын нығайтуға, олардың тұлғалық, әлеуметтік, шығармашылық, зерттеушілік, технологиялық және кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған жазғы демалысты ұйымдастырудың кешенді моделін қамтиды.
Бағдарлама Ұйым тарапынан жазғы маусым кезеңінде ауысымдардың бекітілген кестесіне, ББСО жұмыс істеу жағдайларына, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламаның тұжырымдамалық негізі – баланың демалып, денсаулығын нығайтып қана қоймай, практикалық тәжірибе жинақтайтын, ынтымақтастыққа үйренетін, бастамашылдық танытатын, табиғатқа жанашырлықпен қарайтын, еңбекке, мәдениетке, дәстүрлер мен қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарайтын қауіпсіз, қолжетімді және дамытушы жазғы ортаны қалыптастыру идеясына негізделген.
Бағдарлама алты мазмұндық бағыт арқылы іске асырылады: спорттық-туристік, экологиялық, шығармашылық, технологиялық, STEM және кәсіпкерлік бағыттары. Аталған бағыттар ББСО/лагерьдің қолда бар ресурстарын, қолжетімді материалдарды, табиғи ортаны, спорттық құрал-жабдықтарды, ғимараттар мен Ұйымның ашық алаңдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, адалдық, жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық, экол