Жазғы алаңдағы тағы бір жарқын күн! 🏃♀️🏃♂️ Бүгін балалар уақыттарын көңілді әрі белсенді өткізді. Олар «Көңілді старттар» спорттық сайысына қатысып, өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. 🏅🎉 Жарыс барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, сергектік пен жағымды эмоциялар сыйлады. 🌿🌸 Сондай-ақ бүгін балалар Ботаникалық баққа саяхат жасап қайтты. Экскурсия барысында олар өсімдіктер әлемімен танысып, табиғаттың әсемдігін тамашалап, көптеген қызықты әрі танымдық мәліметтер алды. ✨ Күн өте мазмұнды, қызықты әрі шынайы жазғы көңіл-күйде өтті! Балалар жарқын әсерлерге бөленіп, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізді.
Жазғы алаңдағы тағы бір жарқын күн!
Комментариев нет
Просмотров: 5