Жазғы алаңдағы қызықты күн! 🧼 Бүгін оқушылар сабын жасау бойынша шеберлік сабағына қатысты. Балалар өз қолдарымен түрлі түсті әрі хош иісті сабындар жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа дағдыларды меңгерді. 🎨 Шеберлік сабағы барысында қатысушылар қиялдарын іске асырып, ерекше пішіндегі сабындар дайындады. Бұл жұмыс балаларға үлкен қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлады. 🎡 Күннің жалғасы «Авеню» балалар ойын-сауық орталығында өтті. Оқушылар түрлі аттракциондар мен ойын алаңдарында уақыттарын көңілді өткізіп, сергіп, жағымды әсер алды. ✨ Жазғы алаңдағы тағы бір күн балалар үшін қызықты оқиғаларға, жаңа тәжірибелерге және жарқын эмоцияларға толы болды!
Жазғы алаңдағы қызықты күн!
Комментариев нет
Просмотров: 4