Меню KDT

«Әжелер мектебі»


#Адал_азамат
#Ұлттық_құндылықтар
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ жанындағы «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебі» ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Осы мақсатта «Балдәурен» сауықтыру орталығында демалып жатқан балаларға арналған «Оюлар сөйлейді» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихы, мән-мағынасы және тәрбиелік маңызы туралы кеңінен айтылды.
Балалар дәстүрлі ою түрлерімен танысып, оларды қағаз бетіне бейнелеп, шығармашылық жұмыстар орындады.
Шеберлік сабағының негізгі мақсаты: өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, халқымыздың рухани мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы балалар ұлттық өнердің терең мазмұнын түсініп, ата-баба мұрасын қастерлеудің маңызын сезінді.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау–ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.
Сондықтан да мұндай игі бастамалар алдағы уақытта өз жалғасын таба береді.


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 19.06.2026 в 14:26