Меню KDT

📚 2026 жылғы 22–24 маусым аралығында Астана қаласындағы №100 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруға арналған республикалық оқыту семинары өтуде.

⚜️Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы қатысып, тәрбие жұмысының басым бағыттары, «Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау, конституциялық құндылықтарды дәріптеу және зияткер ұлт қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
⚜️Аталған іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысынан облыстық әдістемелік орталықтың тәрбие жұмысына жауапты әдіскері мен «Келешек мектептері» директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысуда.
⚜️Семинар барысында тәрбие жүйесін жетілдірудің заманауи тәсілдері талқыланып, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу алаңы қалыптасуда. Мұндай маңызды кездесулер білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының сапасын арттыруға және жас ұрпақтың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito-sko-bilim.edu.kz
Добавлено: 22.06.2026 в 20:38