Меню KDT

Павлодар облысында кене шаққан кездегі пациент маршруты

Павлодар облысында кене шаққан пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі айқындалған.
Кене жабысып қалған жағдайда тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымына жүгіну қажет. Бірінші кезеңде тексеру, анамнез жинау және алғашқы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.
МСАК ұйымдарына мыналар жатады:
-аудандық ауруханалар;
-дәрігерлік амбулаториялар;
-фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП);
-медициналық пункттер.
Медициналық көрсетілімдер бойынша зертханалық тексеру жүргізіледі, оған серологиялық зерттеулер, ПТР-диагностика және кене арқылы берілетін инфекцияларды жоққа шығару немесе растау үшін басқа да талдаулар кіреді.
Қажет болған жағдайда пациент кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинмен спецификалық профилактика жүргізу үшін рефералдық медициналық ұйымдарға жіберіледі:
-балалар – Павлодар облыстық балалар ауруханасына;
-ересектер – Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына.
Қажетті медициналық көмекті алғаннан кейін пациентті одан әрі жүргізу жүзеге асырылады, оған динамикалық бақылау, емдеу және профилактикалық іс-шаралар кіреді.
Медициналық көмекке уақтылы жүгіну асқынулардың даму қаупін төмендетуге және кене арқылы берілетін инфекциялардың тиімді профилактикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 24.06.2026 в 10:21