Скринингтен кімдер және қашан өтуі қажет?
Скрининг – бұл шағымдары мен ауру белгілері жоқ адамдар арасында ауруларды ерте анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық тексеру. Скринингтің арқасында көптеген ауруларды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде емдеуді бастап, асқынулардың алдын алуға болады.
Скринингтен кімдер өтеді?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы қағидаларына сәйкес скринингтік тексерулер халықтың белгілі бір жас топтарына жүргізіледі.
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау
Бұл тексеруден 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74 және 76 жасқа толған ерлер мен әйелдер, егер аталған аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрмаса, өтеді.
Жатыр мойны обырына скрининг
30-дан 74 жасқа дейінгі әйелдерге 4 жылда 1 рет жүргізіледі (30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 және 74 жаста).
Сүт безі обырына скрининг
40-тан 76 жасқа дейінгі әйелдерге 2 жылда 1 рет жүргізіледі (40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74 және 76 жаста).
Колоректальды обырға скрининг
50-ден 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге 2 жылда 1 рет жүргізіледі (50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74 және 76 жаста).
Скринингтен өтудің маңызы қандай?
Көптеген созылмалы және онкологиялық аурулар ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтеді. Скринингтік тексерулерден жүйелі түрде өту:
-ауруды ерте сатысында анықтауға;
-емдеуді уақтылы бастауға;
-ауыр асқынулардың даму қаупін төмендетуге;
-денсаулық пен өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Скринингтен қайда өтуге болады?
Скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарлама аясында тіркелген емханада тегін жүргізіледі. Тексеруден медицина қызметкерінің шақыруы бойынша немесе емханаға өзіңіз жүгіну арқылы өте аласыз. Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Денсаулығыңызға бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз! Скринингтен жүйелі түрде өту – ауыр аурулардың алдын алудың және белсенді ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

Комментариев нет
Просмотров: 2