Меню KDT

Энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу: денсаулыққа қамқорлық саналы таңдаудан басталады

Энергетикалық сусындар жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен танымал. Алайда оларды тұрақты түрде тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. HBSC (2022) зерттеуінің деректеріне сәйкес, 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20,5%-ы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде тұтынады.
Естеріңізге саламыз, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Бұл шара балалар мен жастардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Энергетикалық сусындар несімен қауіпті?
Энергетикалық сусындардың негізгі құрамына кофеин, қант, гуарана, таурин және басқа да сергіткіш заттар кіреді.
Оларды тұрақты түрде тұтыну төмендегідей салдарға әкелуі мүмкін:
-ұйқының бұзылуы, мазасыздық, ашушаңдық және күндізгі шаршау;
-жүрек соғысының жиілеуі, артериялық қан қысымының жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы;
-қант пен қышқылдың жоғары мөлшеріне байланысты тіс жегісі мен тіс кіреукесінің бұзылуы;
-асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, қыжыл және іштің ауыруы;
-бауыр мен бүйрекке қосымша жүктеме түсуі.
Сонымен қатар, көлемі 0,5 литр болатын бір банка энергетикалық сусынның құрамында 10–13 шай қасық қант және 80–160 мг кофеин болуы мүмкін. Бұл 1–2 кесе қою кофедегі кофеин мөлшеріне сәйкес келеді.
Энергетикалық сусындарды алкогольмен бірге тұтыну, сондай-ақ оларды қарқынды дене жүктемесінің алдында немесе ұйықтар алдында ішу аса қауіпті.
Пайдалы баламалар
Сергектік пен жақсы көңіл күйді сақтау үшін:
-ұйқы режимін сақтау;
-жеткілікті мөлшерде су ішу;
-күнделікті рационға жаңа піскен жемістер мен жидектерді енгізу;
-тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысу;
-күн тәртібі мен демалысты тиімді жоспарлау ұсынылады.
Өз денсаулығыңызды және балаларыңыздың денсаулығын қорғаңыз! Пайдалы әдеттерді саналы түрде таңдау денсаулықты сақтауға, еңбекке қабілеттілікті арттыруға және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.

Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 03.07.2026 в 15:56