Меню KDT

Не сатып алып жатқаныңызды оқыңыз: азық-түлік өнімдерін қалай дұрыс таңдау керек

Дұрыс тамақтану өнімдерді саналы түрде таңдаудан басталады. Рационды пайдалырақ етудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі – сатып алмас бұрын қаптамадағы ақпаратты мұқият оқу.
Өнімдерді таңдағанда неге назар аудару керек?
Құрамын оқыңыз.
Құрамындағы ингредиенттер олардың мөлшерінің кему ретімен көрсетіледі. Бұл тізімнің басында тұрған компоненттердің өнімде ең көп мөлшерде болатынын білдіреді. Құрамы неғұрлым қысқа әрі түсінікті болса, өнімнің өнеркәсіптік өңдеу деңгейі соғұрлым төмен болады.
Қанттың мөлшеріне назар аударыңыз.
Егер қант, шәрбаттар немесе фруктоза ингредиенттер тізімінің басында тұрса, бұл өнімде қосылған қанттың көп екенін көрсетеді. Қантты шамадан тыс тұтыну семіздіктің, 2-типті қант диабетінің, жүрек-қан тамырлары ауруларының және тіс жегісінің даму қаупін арттырады.
Қоспалары аз өнімдерді таңдаңыз.
Дәм күшейткіштердің, бояғыштардың, хош иістендіргіштердің және консерванттардың көп болуы көбіне ультраөңделген өнімдерге тән. Мүмкіндігінше құрамы қарапайым әрі табиғи өнімдерге артықшылық беріңіз.
Ұқсас өнімдерді салыстырыңыз.
Сатып алмас бұрын бірнеше ұқсас өнімнің құрамын салыстырыңыз. Құрамында қант, тұз және жасанды қоспалар аз, сондай-ақ құрамы қарапайым әрі түсінікті өнімді таңдаңыз.
Денсаулықтың пайдасына таңдау жасаңыз
Күнделікті тамақтану рационының негізін көкөністер мен жемістер, тұтас дәнді өнімдер, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, майсыз ет, бұршақ тұқымдастар мен жаңғақтар құрауы тиіс. Құрамында қант, тұз және қаныққан майлар көп болатын тәтті газдалған сусындарды, кондитерлік өнімдерді, чипстерді, фастфудты және басқа да өнімдерді тұтынуды шектеңіз.
Есіңізде болсын: өнімнің заттаңбасын мұқият оқуға небәрі бірнеше минут кетеді, бірақ бұл өзіңіз бен отбасыңыздың денсаулығы үшін дұрыс әрі пайдалы таңдау жасауға көмектеседі.

Сіздің жұмыс берушіңіз МӘСҚ –на аударым төлейтінін қалай білуге болады

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 03.07.2026 в 16:13